Интернет-алаяқтардың арасында «банктен қоңырау шалу» схемасы танымал

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-дағы әрбір үшінші интернет-алаяқтық «банктен қоңырау шалу» схемасы арқылы жасалады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

 

Жыл басынан бері Петропавл қалалық полиция басқармасының бірінші бөлімінде интернет-алаяқтықтың 77 фактісі тіркелді. Тәртіп сақшыларының сөзінше, мұндай қылмыс түрін алдын алу мақсатында профилактикалық шаралардың маңызы зор.

 

Бірінші полиция бөлімінің бастығы Тілеген Әлжанов Жамбыл көшесіндегі үйлердің тұрғындарымен кездесті. Бұл аумақтағы қалалықтардың көбі – зейнеткерлер. Қарияларға алдаудың негізгі схемалары туралы айтылды. Жыл басынан бері облыста 182 адам жалған сценарийдің құрбаны болды. Бұл ретте өңірде 9 айда барлығы 516 интернет-алаяқтық тіркелген.

 

– Ресми арналар арқылы сізден ақша талап ететін немесе қандай да бір қаржылық операциялар жасалатын кез келген ақпаратты міндетті түрде тексеріп алыңыз. Бұл алаяқтық желілерден аулақ болудың ең сенімді әдісі. Көбінесе алаяқтар WhatsApp-қа қоңырау шалып, зейнет жасындағы адамдарға оңай әсер ететін психологиялық қысым жасайды. Полиция қызметкерлері мұндай қылмыстардың алдын алуды жалғастыратын болады, – дейді Тілеген Әлжанов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz