СҚО-да әкімшілік құқықбұзушылыққа қатысты 129 мыңнан астам іс қозғалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл 6 айдың ішінде ел аумағында 4,6 млн. әкімшілік құқық бұзу фактісі тіркеліп, 4,5 млн. тұрғын жауапқа тартылды. Жылдың алғашқы жартыжылдығынжа СҚО полиция департаменті қызметкерлерімен 129 503 іс қозғалған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті ұсынған ақпаратқа сәйкес, биылғы 6 ай ішінде 4 669 330 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12,1%-ға көп (2022 жыл — 4 164 953 іс) болып отыр.

Үстіміздегі жылы 4 521 580 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бұл да былтырмен салыстырғанда 17,6%-ға артық (2022 жыл — 3 846 080). Тоқтатылған істердің саны өткен кезеңмен салыстырғанда 9,5%-ға (76 944-ден 84 217-ға дейін) өсті.

Әкімшілік құқық бұзу фактілері әсіресе Алматы, Астана қалалары мен Түркістан облысында көп тіркелген. Ал Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарында жасалған құқыққа қайшы әрекеттер аз. СҚО-да 129 503 іс қозғалды.

Биыл тәртіп бұзғандарға 91 млрд. 316 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Өткен жылы осы аралықта 71 млрд 497 млн теңгеге әкімшілік хаттама толтырылған еді.

— Салынған әкімшілік айыппұлдың 58 млрд. 474 млн теңгесі өндіріп алынды. Жалпы, айыппұл өндіру дәрежесі — 64%. Өндіріп алынбаған соманың қалдығы – 32 млрд 841 млн теңге, — делінген құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің дерегінде.

Айыппұл өндіру деңгейі жоғары өңірлер:

— Павлодар облысы — 96,1%;

— Батыс Қазақстан облысы — 78,8%;

— Ұлытау облысы — 77,9%;

— Ақмола облысы — 75,7%.

Бұл ретте өңірлер арасында Жамбыл облысында (27,9%) айыппұл өндіру өте төмен.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz