Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында солтүстікқазақстандық былғары қолғап шебері қола жүлдені місе тұтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бүгін әйелдер боксында 66 килограмм салмақ дәрежесінде жерлесіміз Наталья Богданова тайландтық боксшымен қолғап түйістірді. Бұл кездесу мерзімінен бұрын аяқталып, үш мәрте нокдаунға түскен солтүстікқазақстандық спортшы жеңілістің ащы дәмін татты. Осылайша Қызылжардың үкілеген үміті Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Естеріңізге салсақ, бокста ерлер сапында Қамшыбек Қоңқабаев, әйелдерден Карина Ибрагимова финалға өтті.