Волейбол: «Есіл» мен «Атырау» клубтары үшінші орын үшін таласады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Павлодар қаласында волейболдан ерлердің Ұлттық лига командалары арасында ХХХІІ Қазақстан чемпионатында финалға шыққан екінші клуб анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өткен жылғы ел чемпионы «Павлодар» «Есіл» (СҚО) командасымен екінші жартылай финалдық кездесуін сәтті өткізді. Кеше солтүстікқазақстандықтарды 3:1 есебімен тізе бүктірген Игорь Никольченконың шәкірттері бүгінгі ойында да жанкүйерлер сенімін ақтай білді.

Максим Мищенко, Асқар Серік, Нияз Нұрғазин, Илья Морозов сияқты волейболшылар командасын алға жетелеп, 3:1 (25:18, 22:25, 25:16, 25:19) есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, тұрақты чемпионатта көш басын ешкімге бермеген «Павлодар» мен «Тараз» алтын үшін таласады.

«Есіл» мен «Атырау» қола жүлдені сарапқа салады. Бәсекелер екі жеңіске дейін жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz