Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағына қатысушы кәсіпорындардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өңір басшысы «Alageum Electric» кәсіпорнының электротехникалық зауытында болды. Бүгіндері өндіріс ошағының жылдық қуаты 13 мың трансформаторды құрайды.
Зауытта 187 адам жұмыспен қамтылған.
Ғауез Нұрмұхамбетов «Қазтехмаш» машина жасау зауытында да болды. Компания биыл арнайы экономикалық аймаққа кірді. Қазіргі таңда цехта жөндеу жұмыстары аяқталып, 4 комбайн құрастырылды, тағы 17-сі конвейерде. Зауыттың жобалық қуаты жылына 96 бірлік техниканы құрайды.