Қытайдың Ханчжоу қаласындағы ХІХ Азия ойындарында ұлттық құрама велошабандоздары екі бірдей жүлделі орынға қол жеткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Шосседе өткен топтық веложарыста ел намысын Алексей Луценко, Евгений Федоров, Дмитрий Груздев және Глеб Брусенский қорғады.
Сайыс қорытындысы бойынша отандық спортшы Евгений Федоров мәре сызығын бірінші болып кесіп өтіп, алтыннан алқа тағынды. Ал екінші орын солтүстікқазақстандық Алексей Луценкоға бұйырды. Осылайша жерлесіміз бұл жолғы Азия ойындарында қатарынан екінші мәрте жүлдегер атанды. Бұл жолы Қызылжар ауданы Большая малышка ауылының тумасы күмісті еншіледі.