Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл, Мамлют және Тимирязев аудандарының әкімдерін сайлау қарашаның 5-сі күні өтеді. Үш сайлау округі бойынша 12 үміткер тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО сайлау комиссиясының мәліметінше, кеше ғана кандидаттарды ұсыну мерзімі аяқталды. Тіркелген12 кандидаттың үшеуі – «AMANAT», тағы үшеуі ҚХП-дан және қалғаны өзін-өзі ұсынғандар азаматтар.
12 кандидаттың біреуі әйел. Аудан әкіміне үміткерлердің орташа жасы 50-де, ең жасы 32-де болса, ең егдесі – 61-де.
Ұсынылған кандидаттардың 10-ы — мемлекеттік қызметші, екеуі бюджеттік мекемелердің қызметкері. 10 мемлекеттік қызметшінің ішінде: біреуі аудан әкімі, екеуі аудан әкімінің орынбасары, алтауы ауылдық округ әкімі.
Бүгінде 11 кандидаттың сәйкестігі анықталды, 1 кандидат мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес келмейді.
Кандидаттарды тіркеу 10 қазанда аяқталады.