Балабақша қызметкері туберкулезге шалдыққан

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы «Балдәурен» балабақшасының қызметкерінен туберкулез ауруы анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

 

СҚО білім басқармасының мәліметінше, туберкулез мектепке дейінгі білім ордасының қызметкерінен жыл сайынғы профилактикалық тексеріс барысында белгілі болды. Осыған орай, денсаулық сақтау және білім беру саласы мамандарынан құралған арнайы комиссия құрылды.

– Қазіргі уақытта туберкулезге шалдыққан қызметкер уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты жұмыстан шеттетілді. Ал балабақшаның барлық бөлмелерін дезинфекция орталығының мамандары зарарсыздандырды. Дүйсенбіден бастап мекеменің ұжымы тексерістен өтуде. Науқаспен байланыста болған балаларға манту сынамасы қойылады. Қызметтік тергеу қорытындысы бойынша қосымша ақпарат берілетін болады, — деген СҚО білім басқармасының баспасөз хатшысы Әсел Оразбаева бұл мәселе басқарма басшысының бақылауында екенін айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz