«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде фронтальды бөліктердің әсерінен синоптикалық жағдай қалыптасады. Синоптиктердің болжауынша, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады.
— Қазақстанның батысында бұршақ жаууы мүмкін, республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде қар аралас жаңбыр жауады деп болжанды. Қазақстан Республикасының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі, — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы түнде 2-12 градус жылы болады.