Құрылыс алаңдарында заңсыз жұмыс істеген шетел азаматтары анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-дағы екі бірдей құрылыс алаңынан гастарбайтерлер анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

 

Петропавлдағы көппәтерлі үйлердің бірінің құрылысын тексеру барысында еңбек қызметін тиісті рұқсатсыз жүзеге асырған 6 Өзбекстан азаматы анықталды. Осыған ұқсас құқықбұзушылық Аққайың ауданында да тіркелді. Өзбекстанның 2 азаматы әкімшілік ғимараттың құрылысын жүргізген. Екі факті бойынша материалдар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабы бойынша сотқа жіберілді. Енді мердігерлер шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін жауапкершілікке тартылатын болады.

– Жалпы, облыста 2-8 қазан аралығында шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны және шетелдіктің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін барлығы 21 әкімшілік материал жиналды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 181 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ облыстың 95 тұрғыны үш күн мерзімде шетелдіктердің болуы туралы хабарлау талабын елемеген. Қазақстан Республикасының азаматтары мен қонақтарынан көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз, – деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының қызметі бастығы Талғат Әбілов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz