Ауыл тұрғындарынан 7 мылтық тәркіленді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Полицейлер 5 күннің ішінде аудан тұрғындарынан тіркелмеген 7 мылтықты тәркіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ақжар ауданының 64 жастағы тұрғыны 16 калибрлі «ИЖ» сыңар ауыз мылтықты қорасында сақтаған. Ер адамның айтуынша, қаруды ол өзеннің жағасынан тауып алған.

Тұрғынға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы бойынша материал жиналды. Аталған факті “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында үй-үйді аралау кезінде анықталды.

– Жедел профилактикалық іс-шара 5 қазаннан бастап өткізіліп жатыр. Облыс аудандарында барлығы 7 бірлік қару тәркіленді. Аулаларды аралаудан бөлек, учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, қыстақтар мен мал қамайтын учаскелердегі үй-жайлар тексерілді. Сондай-ақ тіркелген қаруы бар 4 мыңнан астам адамға тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеру жүргізілді. Олардың қаруды сақтау және қаруды қайта тіркеу ережелерін бұзғандығы анықталды. Адамдарды тіркелмеген қару-жарақ үлгілері мен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсыруға шақырамыз. Тек осылай ғана жауапкершіліктен құтылуға болады, – дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ерлан Мәдиев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz