Заңсыз қоқыс алаңдары

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері заңсыз қоқыс алаңдарын анықтау мақсатында рейд ұйымдастырды. Аталмыш шара қазанның 9-ы мен 16-сы күндері аралығында өтеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Есіл өзенінің жағасы Петропавлдағы проблемалық аймақтардың бірі. Кейбір тұрғындар табиғат аясында демалғанда қоқысты соңдарынан жинамай осы жерде тастауды жөн көреді.

Құқық бұзушылықтар анықталған кезде полицейлер абаттандыру ережелерінің бұзылғаны үшін хаттамалар толтырады. Баптың санкциясы ескерту немесе 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды, бір жыл ішінде қайталап бұзылған жағдайда 30 АЕК-ге дейін айыппұл салуды көздейді.

– Рұқсат етілмеген полигондардың өсуі — қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі. Анықталған стихиялық полигондар шаралар қабылдау үшін экология департаментіне одан әрі жөнелту үшін ақпаратты есепке алу кітабында тіркеледі. Сондай-ақ белгіленген ережелерді сақтау тұрғысынан қоқыс шығаруды және сұйық қалдықтарды төгуді қамтамасыз ететін мердігер ұйымдармен жұмыс жүргізіліп жатыр, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқарма бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz