Жол қателікті кешірмейді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері облыста 268 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 34 адам қаза тауып, 386-сы түрлі дене жарақатын алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларын болдырмас үшін кең ауқымды алдын алу жұмыстарын жалғастыруда. Басты назарда автокөліктердің жүргізушілері ғана емес, самокат, скутер, велосипед мінгендер мен жаяу жүргіншілер де бар.

– Жыл басынан жол қозғалысын қадағалау барысында жол жүрісі қағидаларының 54 мыңнан астам бұзушылығы анықталды. Оның 23 мыңы тікелей апаттылыққа әсер ететін өрескел заңбұзушылықтар. Сонымен қатар полиция қызметкерлері электрлі самокаттар, мопедтер, скутерлер жүргізушілері тарапынан бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтік іс-шараларды жалғастыруда. Осылайша, 30 тамыздан бастап 154 электрлі самокат жүргізушісі, 40 мопед жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауларыңызды, әсіресе жылдамдық режімін төмендетулеріңізді, сонымен қатар жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда жылдамдықты төмендетулеріңізді, және қарсы бағыттағы жолға шықпауларыңызды сұраймыз – дейді СҚО ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Григорий Тыш.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz