Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қызылжар ауданындағы Новоникольское ауылына барды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап берді. Кейін «Зенченко и К» командиттік серіктестігінің жұмысымен танысты.
— Зенченко әулеті өз дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, үлгілі шаруашылық табысты дамып келеді. Кәсіпорын ауылды көркейтуге қомақты қаржы құюда. Спорт кешенін салып, мәдениет үйі мен балабақшаны қалпына келтірді. Мектеп пен дәрігерлік амбулаторияны жаңартты. Кәсіпкерліктің бұл игі істері өзге бизнесмендерге үлгі, — деді СҚО әкімі.
Өңір басшысы Новокаменкадағы құс фабрикасы мен Подгорное ауылындағы кірпіш зауытына барды. Ал Бескөлде «Ахмутдинов» жеке кәсіпкерлігінің жұмысымен танысты. Онда кәсібін дөңгелетіп отырған азамат пеллеттер жасап, ағаш көшеттерін өсірумен айналысады.