СҚО әкімі Қызылжар ауданындағы өндіріс ошақтарын аралады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қызылжар ауданындағы Новоникольское ауылына барды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

photo 5283227361321538955 y

Облыс әкімі ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап берді. Кейін  «Зенченко и К» командиттік серіктестігінің жұмысымен танысты.

— Зенченко әулеті өз дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, үлгілі шаруашылық табысты дамып келеді. Кәсіпорын ауылды көркейтуге қомақты қаржы құюда. Спорт кешенін салып, мәдениет үйі мен балабақшаны қалпына келтірді. Мектеп пен дәрігерлік амбулаторияны жаңартты. Кәсіпкерліктің бұл игі істері өзге бизнесмендерге үлгі, — деді СҚО әкімі.

Өңір басшысы Новокаменкадағы құс фабрикасы мен Подгорное ауылындағы кірпіш зауытына барды.  Ал Бескөлде «Ахмутдинов» жеке кәсіпкерлігінің жұмысымен танысты. Онда кәсібін дөңгелетіп отырған азамат пеллеттер жасап, ағаш көшеттерін өсірумен айналысады.

photo 5283227361321538957 y

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz