Алексей Луценко — «Түркия туры» көпкүндік веложарыстың жеңімпазы

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстікқазақстандық велошабандоз Алексей Луценко «Түркия туры» көпкүндігінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бірнеше күнге созылған веложарыстың соңғы күнінде «Alpecin-Deceuninck» намысын қорғайтын бельгиялық Йеспер Филипсен мәре сызығын бірінші болып қиды. Екінші орын «Астана» намысын қорғайтын нидерландтық Кейс Болға бұйырса, үздік үштікті италиялық Джованни Лонарди («EOLO-Kometa») түйіндеді.

«Астана» капитаны Алексей Луценко жарыстың аталған сатысында сегізінші келді және велокөпкүндіктің бас квалификациясын бірінші орынмен аяқтады.

Қазақстандық команда сапынан Микеле Гадзоли — 13, Харольд Техада — 28, Глеб Сырица — 121, Марк Кавендиш — 126-орынға жайғасты.

Айта кетсек, қазақстандық Алексей Луценко Азия ойындарында шосседегі веложарыста ұзындығы 39,6 шақырым қашықтықта 48:05.75 нәтижемен үздік шықты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz