Облыста 5 мыңнан астам маман тапшы

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Облыста түрлі салада 5 мыңнан астам маман тапшы. Кадр мәселесін шешу мақсатында түскей тұрғындарын солтүстікке көшіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі  qazaqstan.tv сілтеме жасап.

Жыл соңына дейін 2700 адамға арналған квотаны игеру жоспарланған. «Қуатты өңірлер ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына қатысушыларға жалпы сомасы 2,1 млн. теңге көлемінде ұтқырлық сертификаты табысталады.

Қызылжар өңіріне жұмыс сапарымен барған депуттаттар қоныс аударушылармен кездесіп, олардың тыныс-тіршілігімен танысты.

Халық қалаулылары солтүстік өңірлердегі жұмыс күші тапшылығы мәселесі кезек күттірмей шешілуі екенін атап өтті.

— Жұмыс орны, жалақы, баспана мәселесін шешу үшін мемлекеттің деңгейінде қандай шараларды қолға алуымыз керек болады? Арнайы мемлекеттік бағдарлама жасау керек бола ма, осының бәрін зерделеп, үлкен деңгейде барлық салалық министрліктердің өкілдерін, үкімет мүшелерін, қоғамдық институттарының өкілдерін шақырып, осы мәселелерді талқылайтын боламыз, — деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz