Петропавл қаласының тұрғындары үшін мемлекеттік органдармен байланысқа шығудың жаңа ыңғайлы құралы пайда болды. «Telegram» мессенджерінде СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының sko_narkohelp_bot атауымен жаңа боты өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бот арқылы есірткі жасырушылар, есірткі граффитиін салушылар, есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкендерге сілтемелер туралы полицияға анонимді түрде хабарлауға болады. Start батырмасын басқан соң жаңа хабарлама жіберіледі. Сондай-ақ осы хабарламаға құқық бұзушылықты дәлелдейтін фото және бейнежазбаны қосып жіберу мүмкіндігі бар. Ботты құруға “Қазақстанның болашағы үшін” жастар қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты, “Еуразия” республикалық қоры қаржы бөлді.
Жұртшылық өкілдерінің айтуларынша, аталмыш бастама еститін мемлекет мен азаматтар арасындағы байланысты дамытуға көмектеседі.
– Төрт күнде Telegram-боттың қолданушылары есірткі жеткізуші курьерлердің жұмысын ұсынатын интернет-ресурстардың екі сілтемесін жіберді. Бұл сілтемелер тексеруге және бұғаттауға жіберілді. Осы байланыс механизмі арқылы есірткі қылмысына қарсы күресте мүлік иелері бірлестіктері мен саяжай қоғамдастықтары төрағаларының, мұғалімдердің және қала өміріне бейжай қарамайтын азаматтардың күшін біріктіруге мүмкіндік бермек. Егер адамдар белсенділік танытып, полицейлерге уақытылы жүгінсе, Петропавл қаласының аналитикалық картасын құруға болады. Біз мұнда тіркелген құқық бұзушылықтар деңгейінің көрсеткіштерін көрсетеміз, – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.