Үздік оқитын балаларға шәкіртақы төленеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл қаласындағы Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектептің үздік оқушылары ай сайын шәкіртақы алып келеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бүгіндері №43 орта мектепте 927 оқушы білім алса, оның – 102-сі оқу озаты. Білім ордасындағы балаларға қарастырылған шәкіртақы көлемі жас ерекшеліктеріне байланысты 3 мыңнан 20 мың теңгеге дейін төленеді.
Стипендия оқушылардың білім алудағы ынтасын көтермелеу мақсатында қарастырылып отыр. Шәкіртақыны оқушыларға облысқа танымал кәсіпкер тағайындады. Меценат бұл бастаманы 2017 жылы қолға алып, үзбей жалғастырып келеді.

Мектеп басшылығының айтуынша, шәкіртақы алатын балалар сабаққа ден қойып, үнемі жоғары көрсеткіштерге жетуге тырысуда. Айталық өткен оқу жылдың қорытындысы бойынша 49 адам халықаралық, ал 56 оқушы республикалық олимпиадалар мен байқауларда жүлдегер атанды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz