Қазақстанда алғаш рет халал өнім мен қызметтерді сертификаттау жөнінде орган пайда болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Ішкі тұтынушылар үшін бұл шара Халал бағалау субьектісінің сертификаттарына сенім артуға негіз болады. Ал аккредиттелген ұйымның сертификаттарын алатын ұйымдар үшін өз өнімдері мен қызметтерін экспорттауға қосымша мүмкіндіктер ашады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығының ақпараты бойынша, 16 қазанда Халал өнімдерінің, процестері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі орган «Halal Quality Center» ЖШС Алматы қ., «Сәйкестікті бағалау стандартының» ҚР СТ OIC/SMIIC 2-2022 талаптарына сай акредиттелді.

Халал бойынша аккредиттеу — Қазақстандағы сапаны бағалау жүйесіндегі жаңа бағыттардың бірі. Аккредиттелген Халал сертификатының жағымды әсері соңғы тұтынушыға дейін таратылады. Ол Халал сертификатының артында сәйкестікті растаудың бүкіл жүйесі бар екеніне сенімді болады: аккредиттеу сертификаттау органдарына деген сенімді арттырады.

— Өз кезегінде, сертификаттау органдары өздері ұстанатын стандарттардың жоғары талаптарына сай келетін Халал өнімдерін өндірушілерге тапсырады. Ал өндірушілер сертификаттау арқылы тұтынушыларға стандарттарға сәйкес өндірілген өнімдерді немесе қызметтерді ұсынады. Сондықтан сертификаттау органының бірінші аккредитациясы — Қазақстандағы халал индустриясының сөзсіз жетістігі, — дейді Сауда және интеграция министрлігінде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz