Тыныштықты бұзғандар жазаланды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері Петропавлда түнгі уақытта тыныштықты бұзудың 1600-ден астам дерегі тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлда мұндай шақыртуларға жедел ден қою үшін әр түн сайын патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен бірге учаскелік инспекторлар кезекшілік атқарады, олар адамдардың өтініштерін қабылдайды, заңды бұзғандарға қатысты хаттамалар толтырады.

– Тыныштықты бұзу фактісіне келген полиция қызметкерлеріне заң бұзушылар бағынбайды, қарсылық көрсетеді, полицейлер өз кезегінде отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы шаралар қолданады. Кей уақытта ювеналдық полиция қызметкерлерінің келуі қажет болады. Мұндай жағдай 16 қазанға қараған түні болды. Таңғы сағат 5 шамасында “102” арнасына Бөкетов көшесіндегі үйлердің бірінде жалға берілетін пәтердің көршілері айғау-шу болып жатқанын айтқан. Мекенжайда 16 мен 17 жастағы 4 жасөспірімнің болғаны анықталды. Екеуі мас болған. Олардың ата-аналары бірқатар құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылды, – дейді Петропавл қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Айдын Ақмағамбетов.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабына сәйкес сағат 22:00-ден таңғы сағат 09:00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері сағат 23:00-ден келесі күнгі таңғы сағат 10:00-ге шулауға тыйым салынған. Бұл үшін 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу қарастырылған. Бұдан бөлек, үй-жайды жалға алатын әр клиент көршілерінің тыныштығын бұзбауға міндеттеледі. Ереже сақталмаған жағдайда жалға алушы адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып қана қоймай, үйден шығарылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz