Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыстық көпсалалы аурухана мен балалар ауруханасының жұмысын тексеріп, дәрігерлермен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Биыл облыстық аурухана 29 дәрігермен толықса, ал балаларға арналған емдеу мекемесі 11 қызметкерді жұмысқа қабылдады.
– Биыл облыс бойынша медицина кадрларының тапшылығы 183-тен 134-ке дейін азайды. Оң динамика дәрігерлерге жағдай жасау мен көтерме ақыны 5 миллион теңгеге дейін өсірудің арқасында мүмкін болды. Біз облысымызға тар бейінді мамандарды тарту жұмысын жалғастырамыз, — деді СҚО әкімі.
Ауруханалар үшін негізгі көрсеткіш – дертті ерте кезеңде анықтау және науқастарды тиімді емдеу үшін озық қондырғылармен жабдықтау. Медициналық ғимараттардың жағдайына да назар аудару керек. Қазір облыстағы медициналық мекемелердің заманауи техникамен жабдықталу көрсеткіші 65%-ды, ал инфрақұрылымның тозуы — 77%-ды құрап отыр. Бұл көрсеткіштерді жақсарту үшін биыл қондырғыларды алуға 5,2 млрд. теңге, ал 27 нысанды күрделі жөндеуге 1,9 млрд. теңге бөлінді.