Пойызбен жолаушы тасымалын субсидиялауға 52,2 млрд. теңге бөлінеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

2024 жылы әлеуметтік маңызы бар бағыттарда темір жолмен жолаушылар тасымалын субсидиялауға 52,2 млрд теңге мақұлданды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

 

— Соңғы 5 жылда әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жүретін жолаушылар пойыздарына билеттердің құны инфляция пайызына ғана өсті. Бүгінгі таңда 62 әлеуметтік маңызы бар жолаушылар қатынасы субсидияланады. Тасымалдауды 12 компания жүзеге асырады. Биыл әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды субсидиялауға 43,8 млрд теңге бөлінді. 2024 жылға 52,2 млрд теңге мақұлданды, – деді Үкімет басшысы жауабында.

Атап өтілгендей, магистральдық теміржол желісінің қызметтеріне, локомотив тарту қызметтеріне, әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау кезінде тартылған вагондарды ұстау және вокзал шаруашылығының қызметтеріне жұмсалатын шығыстар субсидиялауға жатады. Сондай-ақ субсидиялау бағдарламасы шарттарының — бірі теміржол билеттері бағасының өсуіне жол бермеу.

— Сонымен қатар Қазақстан аумағында жедел тасымалдаушы ретінде ұйымдастырылған Тальго вагондарынан құрылған коммерциялық пойыздар (4 маршрут) жүреді. Қызметтің бұл түрі 2014 жылы ұйымдастырылған. Онда мемлекет субсидияламайтын (коммерциялық) жолаушылар тасымалдаушыларының қызметтерінің бағасы сұраныс пен ұсыныстың нарықтық тетігі негізінде еркін қалыптасады.

Қызмет басталған сәттен бастап көрсетілген пойыздарға кірісті басқару жүйесі қолданылады. Яғни тарифтер билеттерді сатып алу мерзіміне және жол жүру құнының өзгеруін ескере отырып, тасымалдауға сұранысқа байланысты қалыптастырылады және халықтың тасымалдауға сұранысының артуы/төмендеуі кезінде коммерциялық маршруттар бойынша жол жүру құнына түзету жүргізіледі.

www.bilet.railways.kz сайтында жол жүру билеттерін сатып алу кезінде комиссиялық алым 0 теңгені құрайды. Ал бөгде агенттік кассалардан сатып алынған жағдайда комиссиялық алымның құны 200 теңгеден басталады, – деді Әлихан Смайылов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz