СҚО жолдарын күтіп-ұстауға 1,3 млрд. теңге қарастырылған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

2023-2024 жылдары облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауға 1,3 млрд. теңге қаражат қарастырылған, оның 400 млн-ы қысқы кезеңде атқарылатын шараларға жұмсалмақ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

 

Облыстық әкімдікте өткен аппараттық кеңесте қысқы маусымда өңір жолдарын қалыпта ұстау жұмыстары талқыланды. Белгілі болғандай, бүгіндері 13 аудан бойынша 6 ұйыммен келісім жасалған.  Өкінішке қарай, Тимирязев ауданындағы «Жасыл Есіл»  мердігерлік мекемесінің өз міндеттерін орындамауына  байланысты екіжақты шарт бұзылып, іс сотқа жолданған.

 

— Облыстық маңызы бар жолдардың ұзындығы 1983 шақырымды құрайды. Мердігерлік ұйымдардың қатарында «ГК Инжиниринг», «Көкшетау жолдары», «Қызылжар жолдары КЗ», «Петропавл жолдары» секілді серіктестіктер бар. Қыраулы қыс кезінде  маусымдық жұмыстарға 142 техика,  278 адам, 11 жол пайдалану пункті сақадай-сай әзір тұр, – деді СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсат Баяхмет.

Оның сөзінше, аудандық маңызы бар жолдардың ұзындығы 4463 шақырымға жуықтайтынын, 11 ауданмен келісімшартына қол қойылғанын жеткізді. 200-ге жуық ауыл шаруашылығы құрылымы 1,3 мың шақырым жол күтімін өз міндеттеріне алатын болады. Бұдан бөлек, басқарманың балансында  Төтенше жағдайлар министрлігі  мемлекеттік материалдық резерві қорынан алынған екі  шнекоротор арнайы техникасы бар. Оның бірі  Қызылжар, екіншісі Жамбыл ауданында орналасқан. Қиын жағдай туындаған кезде бірінші кезекте көмекке жіберіледі.

 

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Қазавтожол» ҰҚ АҚ жергілікті филиалының директоры  Қанат Өсербаевтан  қысқы  кезеңде  Петропавлдан Көкшетауға дейін  ақылы жол қалай  күтіп ұсталатынын, өткен жылдары  қатты жауын-шашын кезінде орын  алған оқыс жайттар қайталанбасына қандай кепілдік берілетінін сұрады.  Сауалға биыл  машина-трактор паркі 20 техникаға жаңартылды, 4 техника нақ осы аймаққа бөлінеді. Жолдар тәулік бойы аршылады, мониторинг күн сайын жүргізіледі, деген жауап берілді.

— Қарлы, боранды күндері  өңір  бойынша 8416 шақырым жол қысқы күтіммен  толық қамтамасыз етілуі тиіс. Оның  1970 шақырымы–республикалық, 1983 шақырымы– облыстық, 4463 шақырымы аудандық маңызға ие. Былтырлары  күре жолдардың жиі  жабылып,  көлік қозғалысы шектелген оқиғалар аз кездескен жоқ. Жолаушылар ақ қар, көк мұзда қалмас үшін  қысқа дайындық жұмыстарын бір сәт те бәсеңдетпеу керек. Автомобиль жолдарын күтіп-ұстайтын мердігерлер  уақтылы анықталып, техникалар, жылыту бекеттері қар құрсауында қалған  жүргіншілерге қызмет көрсетуге әзір тұруы, жанар-жағармай, инертті матариалдар жеткілікті түрде бөлінуі  қажет. Техникалардың көпшілігі  2000-шы жылдары жаңартылған. Жолдарды қардан аршу жұмыстарына  шаруашылықтар да белсене араласуы тиіс. Қыста  жолдың уақтылы тазаланып, көктайғаққа қарсы шаралардың  дер уақытында жасалғанын бәрі де қалайды. Сондықтан техникалық база толықтырылып, жолдар дер кезінде аршылып,  адамдардың еркін қатынауын қамтамасыз ету–басты  міндеттердің бірі, – деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz