IV Азия Пара ойындарына Қазақстанның атынан 131 спортшысы қатысады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
22-28 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында IV Азия Пара ойындары өтеді. 4 жылда бір рет өткізілетін жарыста спорттың 22 түрінен 564 медаль жиынтығы сарапқа салынбақ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Байрақты бәсекеге еліміздің атынан 131 спортшы қатысады. Олар 14 спорт түрінен 485 медаль жиынтығы үшін таласпақ. Қазақстаннан келген спортшылар пара жеңіл атлетика, пара пауэрлифтинг, пара нысана көздеу, пара таеквондо, пара үстел теннисі, пара жүзу, пара дзюдо, пара каноэ, пара ескек есу, пара садақ ату, пара велоспорт, волейболды отырып ойнау, бочча және шахмат сияқты жарыстарға қатысады.

Аатлеттеріміз спорттың пара таеквондо, пара велоспорт, пара каноэ, пара ескек есу және бочча түрінен Азия пара ойындарында алғаш рет өнер көрсетеді. Ойындардың ашылуы мен жабылуы салтанатында еліміздің туын ұстаушылар – волейболдан Азия чемпионатының күміс жүлдегері параспортшымыз Жанғали Сүйеуов және пара үстел теннисінен халықаралық жарыстардың чемпионы Алтынай Ержанқызы.

Еске салайық, спортшылар мен жаттықтырушыларды бір жолғы қаржылай қолдау Азия ойындарының жүлдегерлерімен бірдей мөлшерде болады. Осылайша Азия Пара ойындарының чемпионы атанған спортшы 10 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы алады. Ал алтын медаль иегерін жарысқа дайындаған жаттықтырушы – 5000 АҚШ доллары. Құрлықтық біріншіліктің күміс жүлдегері 5000 АҚШ доллары, ал оның жаттықтырушысы 3000 АҚШ долларын алады. Сонымен қатар қола медаль жеңіп алған ұлттық құраманың спортшысы үшін 3000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай ынталандыру және оның жаттықтырушысы үшін 2000 АҚШ доллары көлеміндегі сыйлық қарастырылған.

— Біз үшін спортшыларымыздың сапалы дайындығы мен жоғары нәтижелерге қол жеткізуі өте маңызды. Бүгінгі күнге дейін Азия Пара ойындарына дайындық аясында ұлттық құрамалар спорттың 14 түрінен 40-тан астам оқу-жаттығу жиынын өткізді. Спортшылар оқу-жаттығу жиындары кезінде қалпына келтіру шараларынан толықтай өтіп, қажетті медициналық препараттармен қамтамасыз етілді, — деді туризм және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Азия пара ойындарының ашылу салтанаты 22 қазанда Ханчжоу олимпиадалық спорт орталығының стадионында өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz