«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 19 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде әлі де жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Содан кейін солтүстік-батыс циклон және атмосфералық фронттар батыстан шығысқа қарай аумаққа жылжи отырып, жауын-шашын (жаңбыр, қар) және олардың жолында желдің күшеюін тудырады.
Синоптиктердің болжамынша, ашық ауа райы әлі де тек оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарда сақталады.
Күндіз еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы бірте-бірте 10-15 градустан 5-10 градусқа дейін төмендейді.