Көрсетілім сот ұйымдастырылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Айыртау ауданының прокуратурасы аумақта қылмыс санының өсуіне байланысты, пробация қызметінде есепте тұрғандардың арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында көрсетілім сот отырысын өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, ҚР ҚК 106-бабының 1-тармағы бойынша 4 жылға бас бостандығы шектелген К.А.В.-ға қатысты Айыртау ауданы бөлімінің пробация қызметінің жазаны ауыстыру туралы ұсынысын қарастыру бойынша көрсетілім сот отырысын өткізді.

— 2023 жылғы қыркүйекте Айыртау ауданы сотының қаулысымен бірнеше рет жазаның өтелу тәртібін бұзғаны үшін сотталған К.А.В.-ға жазасының өтелмеген 3 жыл 9 ай 12 күнін бас бостандығын айыру түріндегі жазаға ауыстырды.
Көрсетілім отырыстың өткізілуі есептегі тұлғалардың арасында қылмыстарды алдын алуға бағытталды. Сот отырысына бұрын бас бостандығынан айыру мекемелерінде жазасын өтеген 15 сотталушы қатысып, олар К.А.В.-ның іс әрекетінен дұрыс шешім шығарып және сол сияқты бұзушылыққа жол бермейді деп күтілуде, — дейді СҚО прокуратурасы мамандары.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz