Еліктерді атқандар бас бостандығынан айырылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында 50-ден астам елікті атқан браконьерлер тобы сотталды. Төрт адам 8 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, cолтүстікқазақстандықтарды екі қылмыстық бап бойынша айыптады. Олар ұйымдасқан топ құру, сол сияқты оған басшылық жасау, ұйымдасқан топқа қатысу, қылмыстық топтың атыс қаруын, автокөлік құралдарын қолдана отырып, ірі залал келтіре отырып, заңсыз аң аулауына қатысу.
Естеріңізге салсақ, 2022 жылдың күзінен 2023 жылдың ақпанына дейін Петропавл қаласының шеткерІ аумағында төрт ер адам 53 сібір елігін атты. Келтірілген шығын көлемі 68 млн. теңгені құрады.

— Сотталушылардың кінәсі жәбірленуші өкілінің, куәгерлердің айғақтарымен, істің жазбаша материалдарымен дәлелденді. Прокурор айыптауды қолдай отырып, сотталушылардың әрқайсысына нақты бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушінің өкілі соттың қарауына жаза тағайындауды сұрады, — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Екінші бап ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және басқару, сол сияқты оларға қатысу және заңсыз аң аулау бойынша бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Сот үш сотталушының жас балалары бар екенін ескеріп, оларға 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қарастырып, орташа қауіпсіздік колониясында жазасын өтеу туралы шешім қабылдады.

Сотталушылардың бірінде жеңілдететін мән-жайлар анықталмаған, қылмыстардың қауіпті қайталануы, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауда аса белсенді рөл ауырлатады деп танылған. Ол ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталғандар аң аулауға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырылады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz