Облыста жастарды әскери академияға оқуға түсу бойынша үгіт-насихат жұмыстары өтуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы Ұлттық ұлан әскери академиясының ақпараттық-насихат тобы Тайынша ауданындағы мектеп оқушыларымен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Академия бастығының орынбасары Нұрбай Бектұрсынов Тайынша қаласының №5 мектебінің базасында аудандық мектептердің жоғары сынып оқушыларымен әңгімелесті.

Ақпараттық-насихат тобының басты мақсаты – жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, Ұлттық ұлан қатарына шақыру, түлектерді әскери оқу орнына түсуге бағдарлау.

Кездесу барысында Нұрбай Бектұрсынов оқушыларға Ұлттық ұлан қызметінің негізгі бағыттары, жоғары әскери оқу орнына түсу тәртібі, оқу процесінің ерекшеліктері, сондай-ақ өмірін әскери қызметпен байланыстыруға шешім қабылдаған кандидаттарға қойылатын талаптар туралы айтып берді.

Шара соңы академия оркестрінің концерттік бағдарламасына ұласты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz