Қазақстаннан жүк көлігімен көмірді сыртқа тасуға салынған тыйым мерзімі тағы ұзартылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен көмірді әкетуге салынған қолданыстағы тыйымды ұзартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Құзырлы министрлік қолданыстағы тыйым мерзімі жылыту маусымы кезеңінде халық үшін көмір тапшылығын болдырмау мақсатында ұзартылып отырғанын нақтылады.

— Тыйым 2023 жылдың 26 қарашадан бастап алты ай мерзімге ұзартылады, — делінген ведомство хабарламасында.

Атап айтқанда:
  • тас көмір, ұнтақталған немесе ұнтақ емес, бірақ агломерацияланбаған (СЭҚ ТН коды 2701);
  • лигнит, қоңыр көмір, агломерацияланған немесе агломерацияланбаған, гагаттан басқа (СЭҚ ТН коды 2702).

Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен көмірді әкетуге тыйым салуды белгілеудің орындылығы 2023 жылғы 20 қыркүйектегі сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында қаралып, қолдау тапқан.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz