СҚО-да жайылым жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста прокуратураның араласуынан соң жергілікті шенеуніктер заңсыз пайдалануға берген 247 жайылымдық жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

СҚО прокурорлары жер қатынастары саласында талдау жүргізу кезінде елді мекендерге жақын жайылымдарды заңсыз беру бөлігінде жүйелі бұзушылықтарды анықтады.

Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ауылдарға жақын жердегі жалпы ауданы 54 мың га болатын 348 жайылымдық жерді заңсыз берген

Қадағалау органының шаралары бойынша облыс әкімдігі мен облыстың Жер ресурстарын басқару департаменті сотқа талап қою арқылы ауданы 38 мың гектар 247 жер телімін қайтарды, қалған учаскелер бойынша жұмыс жалғасуда.

Қадағалау органының ұсынымдары бойынша жайылым тапшылығын жою мақсатында әкімдіктер елді мекендердің жер көлемін 114 мың гектарға ұлғайтты, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен субъектілерімен жайылымдарға қажеттілікті жоюға бағытталған меморандумдар жасалды.

Нәтижесінде өңірде ауыл халқы үшін жайылымдық жерлердегі тапшылық 538 мыңнан 386 мың га. дейін азайды.
Жер заңнамасын сақтау мәселесі облыс прокуратурасының бақылауында.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz