Құзырлы министрлік қолданыстағы тыйым мерзімі жылыту маусымы кезеңінде халық үшін көмір тапшылығын болдырмау мақсатында ұзартылып отырғанын нақтылады.
— Тыйым 2023 жылдың 26 қарашадан бастап алты ай мерзімге ұзартылады, — делінген ведомство хабарламасында.
- тас көмір, ұнтақталған немесе ұнтақ емес, бірақ агломерацияланбаған (СЭҚ ТН коды 2701);
- лигнит, қоңыр көмір, агломерацияланған немесе агломерацияланбаған, гагаттан басқа (СЭҚ ТН коды 2702).
Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен көмірді әкетуге тыйым салуды белгілеудің орындылығы 2023 жылғы 20 қыркүйектегі сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында қаралып, қолдау тапқан.