Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының қызметімен танысып, этномәдени бірлестіктердің басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Солтүстікқазақстандықтар арасында келісім мен бірлікті нығайтуда облысымыздың этноорталықтарына үлкен міндет жүктелген.
– Биыл бюджет есебінен облыстық ассамблеяның ғимараты күрделі жөндеуден өтті, акт залы мен этноорталықтардың кабинеттері жаңартылды. Материалдық-техникалық базасы жаңарды, жақында жаңа көлік келеді. Біз алдағы уақытта да облыстық ассамблеяға қажетті қолдау көрсететін боламыз, – деп жазды әлеуметтік желідегі жеке парақшасында СҚО әкімі.