151
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Президенттің құттықтау лебізі Ақорданың Telegram-дағы арнасында жарияланды.
— Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтаймын! Сіздердің жұмыстарыңыз қауіп-қатерге толы әрі зор жауапкершілікті талап етеді. Мемлекет пен қоғам сіздердің антқа адалдықтарыңызды, қажырлы еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Баршаңызға бақ-береке тілеймін! – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Х парақшасына.