Егістік алқабында шілде айында іздеу жарияланған ер адамның сүйегі табылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО полиция департаментінің мәліметінше, қыркүйек айында Қызылжар ауданы Вишневка ауылынан төрт шақырымдай жердегі егістік алқапта жергілікті тұрғын шөп шабу кезінде адамның қаңқа қалдықтарын тауып алған. Сараптама қорытындысы бойынша табылған мәйіт 2023 жылдың 27 шілдесінде үйінен белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған 44 жастағы Петропавл тұрғынына тиесілі болып шықты.
Осы уақытқа дейін ер адам іздеуде болды. Оны полицейлер, еріктілер мен жергілікті тұрғындар іздестірген.