Шекарашылар алтын рудасын тасымалдаудың жолын кесті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазан айында «Бидайық» шекаралық бақылау бөлімшесінің шекарашыларының қырағылығы арқасында алтын рудасын тасымалдаудың жолы кесілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері келушілердің жүктерін тексеру барысында Степногор қаласынан Ресей Федерациясының Омбы қаласына жолға шыққан көлікті тоқтатты. Қазақстан азаматының автокөлігінде салмағы шамамен 400-500 грамм болатын 7 дана алтын рудасы тәркіленді. Ұсталған азаматтың сөзіне қарағанда, ол тастарды кәдесый ретінде жинаған көрінеді. Күдікті Уәлиханов ауданы бойынша полиция бөліміне жеткізілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz