Қарымта ойындағы жеңіс

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Құлагер» хоккей клубы павлодарлық «Ертіс» командасын жеңді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

 

Естеріңізге салсақ, солтүстікқазақстандық команда павлодарлық «Ертіске» қарсы өткізген бірінші ойында жеңілді. Қарымта кездесуде жерлестеріміз есе қайтаруға тырысты.

Ойынның бірінші кезеңінде есепті «Ертіс» клубының ойыншылары ашты. Шайба авторы – Алексей Рыжих. Кейін жерлестеріміз таразы басын теңестірді. Бұл жолы құлагерліктер сапында Никита Потапов көзге түсті.

Кездесудің екінші бөлімі қос команданың қауіпті шабуылдарымен өтті. «Құлагер» клубы сапында Алексей Закарлюкин мен Виталий Шульга бір-бір шайбадан соқты. Одан соң «Ертіс» хоккейшілері есеп айырмасын қысқартты.

Үшінші кезеңде Алексей Закарлюкин дубль авторы атанды. Оның нәтижелі соққысына павлодарлықтар жауап қайтарды. «Ертіс» сапында Даниил Васильев шайбаны қақпаға дәл дарыта алды. Ойынның аяқталуына бір минут қалғанда жерлестеріміз есепті ұлғайтты. Осылайша солтүстікқазақстандық команда 3:5 есебімен жеңіске жетті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz