Қазақстанда «жалақыға дейін» деп берілетін несиелерге тыйым салынбақ

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Мәжілісте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова 21 жасқа толмаған азаматтарға ресми кірісі болған жағдайда ғана несие беруді ұсынды. Сонымен қатар «жалақыға дейін» деп берілетін шағын несиелерді толығымен алып тастау ұсынылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Мәдина Әбілқасымова қазақстандықтардың борышын төмендету үшін қандай шаралар ұсынылып жатқанын айтты.

— Агенттік 90 күннен астам мерзімі өткен несиесі бар азаматтарға кепілсіз тұтынушы несиесін беруге тыйым салуды көздейтін заңнамалық түзетулерді әзірледі. Қазір мұндай шектеу тек кірісі ең төменгі деңгейдегілерге қатысты. Сонымен қатар жастар арасындағы проблемалы қарыздың өсуі аясында 21 жасқа толмаған азаматтарға несие беру олардың ресми кірісі болған жағдайда ғана жүзеге асады деген талапты енгізу ұсынылады, — деді ол.

Ол сонымен қатар онлайн микронесие сегментінің шамадан тыс өсуін шектеу қажет екенін айтты.

— 297 мың адамның 37 миллиард теңге көлемінде проблемалы онлайн шағын несиесі бар. Мұндай онлайн шағын несиелер немесе «Жалақыға дейін» деп аталатын несиелер қашықтан беріледі. Көбіне қарыз алушының жеке басын сәйкестендірмей және оның төлем қабілетін тексермей-ақ беріледі», — деді Мәдина Әбілқасымова.

Қазақстанда 254 микроқаржы ұйымының 50-і несиені онлайн береді.

Осыған байланысты департамент 45 күнге дейінгі мерзімге және 50 АЕК-ке дейінгі мөлшердегі шағын несиенің ерекше түрін толығымен алып тастауды ұсынып отыр. Оның айтуынша, онлайн несие беру компаниялары жұмысын жалғастыра алады, бірақ барлық микрокредит ұйымдары үшін белгіленген бірыңғай мөлшерлеме бойынша кез келген мерзімге шағын несие береді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz