Қала әкімі Серік Мұхамедиевтің өкімімен Петропавл қаласы әкімінің құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі орынбасары болып Біржан Көшербаев тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Біржан Сайлауұлы 1994 жылы 7 қаңтарда СҚО Аққайың ауданы Рублевка ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2013 жылы СҚО бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінде заңгер көмекшісі қызметінен бастады.
Осы тағайындауға дейін ол Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы лауазымын атқарды.