Сенбі күні Петропавлда аыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, осы жолғы жәрмеңкеге ауыл шаруашылығы өнімдерін 7 аудан ұсынбақ.
Жәрмеңкеге келесі аудандар қатысады:
«Алтын Арман» базарында: Ақжар, Ғ. Мүсірепов, Тимирязев аудандары;
«Қызылжар-Ақбастау» базарында: Есіл, Жамбыл, Уәлиханов аудандары;
«Дария» базарында: Мамлют ауданы.
Сауда-саттық сағат 8.30-дан бастап 12.00-ге дейін жалғасады.