«Есіл» клубы — ел кубогының күміс жүлдегері

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Павлодар қаласындағы «Баянтау» спорт кешенінде волейболдан ерлер командалары арасында ҚР кубогының финалы өтті, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

31-рет ұйымдастырылып отырған ел кубогы турнирінің финалында биылғы жылғы Қазақстан чемпионы «Павлодар» мен «Есіл» (Петропавл) клубтары кездесті.

Ұлттық лига командалары арасында биыл 5-орыннан көрінген «Есілдің» финалға шығуы күтпеген жағдай еді.

Финалдық бәсеке де тартысқа толы болды. Жерлестерімізде жеңіске жететіндей мүмкіндіктері бар еді. Бірақ шешуші сәттерде сәтті ойнай білген Игорь Никольченко жаттықтыратын павлодарлықтар 3:2 (22:25, 25:20, 20:25, 25:19, 18:16) есебімен жеңісті жұлып алды. Осылайша, «Павлодар» клубы чемпиондық атаққа қоса ел кубогіне ие болды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz