Қытайда Азия пара ойындарының салтанатты ашылуы өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бүгін Қытайдың Ханчжоу қаласындағы «Үлкен Лотос» олимпиада стадионында IV Азия пара ойындарының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Туризм және спорт министрлігінен мәлім еткендей, ойындардың ашылу рәсімінде елімі Туын параволейболдан Азия чемпионатының күміс жүлдегері Жанғали Сүйеуов және параүстел теннисінен халықаралық жарыстардың чемпионы Алтынай Ержанқызы ұстап шықты.

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев ойындарға қатысушыларды құттықтап, спортшыларымызды қолдауға шақырды.

— Пара спортшылардың мұндай ірі додаға қатысуының өзі – үлкен жеңіс. Тағдырдың тосын сынағына сынып кетпей, ерік-жігерінің, спортқа деген құштарлығының арқасында осындай дәрежеге жетіп отыр, –  деді министр.

Айта кетейік, қазанның 22-28 аралығында өтетін спорттық додаға 43 мемлекеттен 4 мыңға жуық спортшы қатысып, 485 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Байрақты бәсекеде 131 қазақстандық спорттың 14 түрінен өнер көрсетеді.

Еске салайық, Қытайдың Ханчжоу қаласында ХІХ Азия ойындары 23 қыркүйек — 8 қазан аралығында өткен болатын. Онда 30 спорт түрінен 524 қазақстандық бақ сынап, нәтижесінде 80 медаль жеңіп алды. Жалпыкомандалық есепте ҚР құрамасы 11-орынға тұрақтады. 

Енді Азия ойындары 2026 жылы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Нагоя қаласында өткізіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz