Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжіне 100 жыл толды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өңіріміздегі  Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтті. Салтанатты шараға  еңбек ардагерлері, педагогтар мен студенттер, колледж түлектерімен қатар белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері жиналды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

 

Елдің болашағын көркейтіп, өскелең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде өзіндік орны бар білім ордасының тарихы терең.  Бүгінгі таңда іргесі бекіп, керегесі кеңейген колледж – әлі  де  өңіріміздегі ауыл шаруашылығы саласында мамандар даярлайтын алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі.

Есіл ауыл шаруашылығы колледжінің тарихы ертеден бастау алады. Ең алдымен бұл жерде 1885 жылы ауыл шаруашылығы мектебі бой көтеріп, 1923 жылы техникум болып қайта құрылыпты. 1997 жылы колледж аталып, 2001 жылы Кеңес Одағының Батыры Жәлел Қизатовтың есімі беріледі.  Бүгінде  оқу орны  сегіз  мамандық бойынша кадр даярлайды.

Аталған колледжді жыл сайын шамамен 200-ге жуық  маман  тамамдайды. Мұнда санға емес, сапаға баса мән беріледі. Материалдық-техникалық база үнемі жаңартылып тұрады. Болашақ маманның мол білім алуына бар жағдай жасалған. Дуалды оқыту жүйесі де қолға алынған. Оқытушылар ұжымы теория мен тәжірибені сәтті ұштастырудың орайын тапқан.

Сонымен қатар  колледж қарамағында жайлы жатақхана, асхана мен шеберханалар бар. Қазіргі таңда оқу корпусында жөндеу жүргізілуде. 2 соттық жерге түрлі көкөніс, 40 гектарға картоп егіледі. Алынған өнім асханаға тапсырылады.
Ал  колледждің шежіресі мұражайда сақтаулы. Мәселен, онда ең алғаш ашылған агрономия бөлімінің тарихы туралы біліп, бірінші салынған оқу корпусының макетін тамашалап, осы күнге дейін сақталып қалған көне кітаптармен танысуға  болады.

Сондай-ақ бұл салтанатты шарада жылдар бойы болашақ мамандарды тәрбиелеп, кәсіби мамандарды даярлауда адал еңбек еткен ұстаздар мен еңбек ардагерлеріне құрмет грамоталары табысталды, еліміздің түкпір-түкпірінен келген колледждің түлектері құттықтаулар айтып, жылы лебіздерін білдіріп жатты.

Іс-шара соңында оқу ордасынан түлеп ұшқан  мамандар «Түлектер аллеясына» көшеттер отырғызып, арнайы ұйымдастырылған «Естелік алаңы» фотоальбомынан өздері білім алған уақыттағы суреттерді қызықтап, студенттік кездерін еске алды.

Сонымен қатар  тойға келген қонақтар мекеменің жаңа материалдық- техникалық оқу-құралдармен жабдықталған оқу кабинеттерін,  зертханаларын аралады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz