Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен М.Жұмабаев ауданына барды. Онда ақын Мағжан Жұмабаевтың туған ауылы– Сарытомарға да ат басын бұрды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өңір басшысы М.Жұмабаев ауданындағы Бәйтерек ауылына апарар кіреберіс жолдың жөндеу жұмыстарымен танысты. Кейін Булаев қаласындағы балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының ұжымымен жүздесті. Ал Жастар ауылындағы сүт фермасында болып, елді мекендегі су тарату желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіп жатқанын көрді. Бұл жобаның арқасында ауыл тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмекші.
СҚО әкімі Советское ауылында «СК Агро-2050» серіктестігінің қырман басында аудан диқандарымен жүздесіп, орақ науқанының қорытындылары мен өнімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуді талқылады.
Биыл Советское ауылында Мәдениет үйі күрделі жөндеуден кейін тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізетін көпфункционалды орынға айналды. Мұнда жергілікті тұрғындармен кездесіп, елді мекенді одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.