Петропавлда «Сайра домбыра» байқауы өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Абай атындағы қазақ мектеп-гимназиясының “Өнер” орталығында V-ші облыстық “Сайра домбыра” атты байқау өтті. Бұл жобаны әнші, Петропавл қаласының құрметті азаматы Дәмеш Құрманкина өзі қолға алып, екі жылда бір рет өткізіп келеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Сайысты өткізудегі басты мақсат дарынды жастарды тауып, олардың талаптарын ұштау. Биыл жерлесіміз, ақын, сазгер, әнші, халқымыздың маңдайына біткен жарық жұлдызы Ақан сері Қорамсаұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Биылғы байқауды асыл тұлғаның мерейтойына орайластырдық», — дейді Дәмеш Сапарқызы.

whatsapp image 2023 10 23 at 14.37.41whatsapp image 2023 10 23 at 14.37.42 2
Байқауда аудандардан және қала мектептерінен дәстүрлі ән орындауға қабілетті 29 жас әнші өнер көрсетті. Үміткерлерден домбыра немесе сырнай аспабының сүйемелдеуімен 2 ән орындау талап етілді. Қатысушылар кіші және үлкен топқа бөлінді. Үлкен топта өнер көрсеткен Өмірұзақ Еркеш (Петропавл қаласы) бас бәйгені қанжығасына байласа, кіші топтан Ақжар ауданынан келген үміткер Мансұр Екпешұлы топ жарды. Байқауға қатысқан барлық оқушылар және олардың ұстаздары дипломдармен, Алғыс хаттармен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz