Петропавлда мұғалімдер арасында байқау өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда мұғалімдер арасында «Жүзден жүйрік»  байқауы өтті. Оған өңірдің тіл мамандары қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыста дәстүрлі түрде өткізілетін байқау  23-ші рет ұйымдастырылып жатыр. Байқау филолог Құдайберген Жұбановтың 125 жылдығына арналды. Атақты ғалым 10-нан астам тілді меңгерген екен. Байқаудың мақсаты – мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Жарысқа қатысушылардың бірі – Қызылжар ауданы №3 Бескөл орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айымгүл Тасимова.

– Бүгінгі меніңтақырыбым – оқушылардың айтылым дағдысын қалыптастыру. Ол тек қана өз пәнімде емес, өзге пәндерде қолданылады, –  дейді  мұғалім.

Байқауға 160-тан астам педагог қатысуға ниет білдірген. Оның тек 50-ге жуығы екінші кезеңге өткен. Мұнда мұғалімдер сайысып қана қоймай, бір-бірімен тәжірибе алмасып, ой-пікірлерін білдіреді. Берілген уақыттың ішінде мұғалімдер өз жұмыстарын таныстырып шығулары қажет.

– Бірінші кезеңде педагогтердің пәндік біліктіліктерін анықтау мақсатында тест тапсырмасы болды. Ол онлайн режимде өтті. Екінші кезеңге қазақ тілі пәні бойынша –  15, орыс тілі бойынша  осынша мұғалім өткен.  Ал ағылшын тілі пәні бойынша 16 мұғалім біліктілігін сынға салды, – дейді “Өрлеу” БАҰО” АҚ СҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы Гүлзат Әлжанова.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz