Мемлекеттік корпорация Республика күнін мерекелеуге байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған орталықтар сәрсенбі күні азаматтарды қабылдамайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары 26 қазанда өз жұмыстарын қайта бастайды.
Естеріңізге сала кетсек, олар әдеттегі кесте бойынша жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды. Кезекші орталықтар жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін, сенбі күндері 13:00-ге дейін жұмыс істейді.