Сотталғандарға макияж бен шаш үлгілерін жасау әдістері көрсетілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы әйелдер колониясында кәсіби визажист шеберлік сағатын өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Әйелдерге арналған түзету мекемесінде жазасын өтеп жүргендерге кәсіптік оқыту және қайта әлеуметтендіру шеңберінде макияж және шаш үлгісін жасау бойынша мастер-класс форматында оқыту курсы ұйымдастырылды. Оны өткізу үшін “Vildana Beauty Studio” салонының стилисті және сұлулық студиясының басшысы Вильдана Багадат шақырылды.

Көрнекі мысал үшін модель ретінде екі сотталған әйел таңдалды. Бірнеше сағат ішінде тәжірибелі визажист және шаштараз өзінің білімі және дағдыларымен бөлісті. Мастер-класс барысында әйелдерге олардың даралығын атап өту және тұлғаның бет-әлпетінің ерекшеліктерін көрсету үшін макияжды қалай дұрыс таңдау керектігін үйретті. Бетке арналған жақпа майларды дұрыс қолдануға, контурлауға және көзді ерекшелеуге ерекше назар аударылды.

Мастер-класс қатысушылары қажетті нәтижеге жету үшін шашқа қалай дұрыс күтім жасау керектігін және құралдар мен сәндеу өнімдерін қолдануды үйренді.

– Бұл мастер-класс өткен қателіктерімізге қарамастан шынымен де бізді қолдауға дайын адамдар бар екенін көрсетті. Бүгінгі сұлулық сабағы біздің өмір жолымызды түзетуге ғана емес, болашақта жұмыс табуға, сенімділікті арттыруға және қоғамның толыққанды мүшесі болуға сөзсіз көмектеседі, – деп бөлісті қатысушылардың бірі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz