Елдің дамуына сүбелі үлес қосқандар марапатталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Республика күніне орай Президент Жарлығымен бір топ солтүстікқазақстандық азамат мемлекеттік наградаларға лайық деп танылды. С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында өткен салтанатты шарада облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов марапаттарды табыстады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ұлттық мереке қарсаңында мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтар Президент тарапынан жоғары бағаланды. Осылайша, «Парасат» ордені М.Жұмабаев ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Оралбай Сағандықовқа табысталды.

«Құрмет» ордені келесі азаматтарға берілді:
– Нағашыбай Барлыбаев – «Асхат-Агро» ЖШС директоры, Есіл ауданы;
– Николай Сафронов – «Куломзино» ШҚ басшысы, М.Жұмабаев ауданы;
– Самат Тасмағанбетов – «Мада Трейд» ЖШС директоры, Ғ.Мүсүріпов атындағы аудан;
– Анатолий Плешаков – М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың профессоры;
– Гимадиден Ужаров – «Жарқын Ltd» ЖШС директоры, Ақжар ауданы;
– Сергей Череда – Облыстық кардиологиялық орталығы бөлімшесінің меңгерушісі.

«3-ші дәрежелі Еңбек даңқы» ордені:
– Әскер Қасенов – «Кулик» ЖШС дәнекерлеушісі, Мамлют ауданы:
– Манарбек Назаров – «Севказэнерго» АҚ ПЖЭО-2 слесарі.

«Ерлігі үшін» медалі:
– Жұмажан Жүсіпов – «ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Ақжар аудандық филиалының зерттеушісі;
– Руслан Рамазанов — №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі.

«Ерен еңбегі үшін» медалі:
Берік Әлжанов – Тайынша ауданының әкімі;
Гүлнәр Арықпаева – «БЭСТ гимназиясы» КММ директоры;
Жақсылық Есдәулетов – «Солтүстік» ӘКК» АҚ-ның басқарма төрағасы;
Маден Жұмағұлов – «Эталон Регион» ЖШС директоры, Петропавл қаласы;
Иван Зенченко – «Иван Зенченко» ЖШС-ның өндріс бойынша директоры, Аққайың ауданы;
Андрей Исаков – «Таткрафт-инвест» ЖШС директоры;
Владимир Козлов – «Мир аттракционов» ЖШС құрылтайшысы;
Юрий Красноголовый – «Зеленые луга» ЖШС директоры, Тайынша ауданы;
Евгений Морозов – «ПетроМашЗавод» ЖШС операторы;
Александр Окованцев – Жеңіл атлетикадан олмпиадалық резервтегі балаларға мамандандырылған БЖСМ-ның аға оқытушы-жаттықтырушысы;
Марат Омаров – Облыстық еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы;
Аягөз Сатыбалдина – Бидайық орта мектебінің мұғалімі, Уәлиханов ауданы;
Назира Сыздықова – Кеңес орта мектебінің мұғалімі, Шал ақын ауданы;
Мақсұт Тасқұлов – «Қызылжар су» ЖШС экскаватор жүргізушісі;
Руслан Тасов – Қалалық көпсалалы жедел медициналық жәрдем ауруханасы директорының орынбасары;
Асхат Тауышев – Ақан сері атындағы облыстық филармонияның солисті.

«Шапағат» медалі:
Олег Новицкий – Облыстық көпсалалы балалар ауруханасының хирург-дәрігері;
Светлана Оразалина – Айыртау аудандық ауруханасының бас мейірбикесі;
Елена Шляхтина – Петропавл балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиешісі;
Ақан Шопанов – Ғ.Мүсіров атындағы аудандық аурухана директорының орынбсары.

Сондай-ақ салтанатты шарада ҚР Құрмет грамотасымен де бір топ азамат марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz