Полицейлер Республика күнін атап өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да Республика күні қарсаңында полицейлер мен ардагерлер марапатталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ұлттық мереке қарсаңында 30-дан астам полиция қызметкері жұмыстағы жетістіктері мен мінсіз қызметі үшін СҚО полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдиновтың қолынан түрлі марапаттар алды.

Марапатқа ие болғандардың қатарында СҚО ПД жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы Қанат Оспанов болды. Республика күні қарсаңында тәжірибелі офицер мерзімінен бұрын полиция полковнигі арнайы атағын алды.

Облыстық полиция аппаратының тәжірибелі қызметкерлері СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Самат Базылов пен СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Асхат Қожабаев та мерзімінен бұрын полиция подполковнигі шендеріне ие болды. Сондай-ақ полиция подполковнигі шені Шал ақын ауданы полиция бөлімінің аға инспекторы Гүлжан Смағұловаға да берілді. Басқа қызметкерлер мерейтойлық медальдармен, төсбелгілермен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

СҚО әкімінің Құрмет грамотасын Ақжар ауданы полиция бөлімінің жедел-криминалистикалық тобының аға криминалисі Мереке Жетібаев алды. Бұдан бөлек, СҚО полиция департаментінің алғыс хатымен полиция қызметкерлерінің ата-аналары Бөпежан Мәжитова, Анара Жұмабаева, Күләйім Ғабдуллина марапатталды.

Салтанатты жиын СҚО ПД мәдени орталығы мен қаланың шығармашылық ұжымдары дайындаған концерттік бағдарламамен аяқталды.

25 қазан күні облыс полицейлері өңір тұрғындары мен қонақтары үшін қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, күшейтілген түрде қызмет атқарады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz